Бұған дейін Ресей командасын жаттықтырған Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
60 жастағы Станислав Черчесов 2016 жылдан 2021 жылға дейін Ресей құрамасын жаттықтырған. Ол соңғы рет венгриялық "Ференцварош" клубында бапкер болған.
Еске сала кетейік, осыған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Магомед Адиев қызметінен кеткен еді. Бапкер мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтқан.
Пікір қалдыру