Министрдің айтуынша, ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды.
- Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы керек. Екіншіден, бұл - сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату, біз мұнымен де келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан соң.
Сондай-ақ Жақыпова зейнетақы қорындағы 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынғанын айтты.
-1,5 миллион адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 триллион теңгеден аса қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайын жақсартты, емделді. Сондықтан мұны бекер жұмсалды деуге де болмайды, - деді министр.
Пікір қалдыру