"Хайп қуған сұрақ": Бозымбаев су тасқынына қатысты пікір білдірді

/image/2024/06/25/crop-53_47_661x1175_photo1719311426.jpeg

Үкімет отырысында премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев журналисттердің су тасқынына байланысты сұрағына жауап берді. Тілшілер Бозымбаевтан "келер жылы су тасқыны тағы қайталанса, отставкаға кетуге дайынсыз ба" деп сұраған. 

"Қандай сұрақ қойылса, сондай жауап аласыздар. Сұрақты дұрыстап қойсаңыздар, мен де дұрыстап жауап беремін. Хайп қуалаған сұрақ. "Келесі жылы су тасқыны болса, жұмыстан кетесіз бе?" деген не сөз? Келесі жылы ауа температурасы қандай болатыны, жауын-шашынның қандай боларын кім болжай алады? Мұндай болжам жоқ. Болды. Оны ешкім айта алмайды. Тасқын бола ма, болмай ма, оны Алладан сұрау керек", – дейді Бозымбаев.

Сондай-ақ, ол су тасқыны болған жағдайда шара қолданбай, үлкен шығынға ұшыраса, қызметтен кетуге дайын екенін айтты. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар