Вьетнамдық компания Qazaq Air-ді 2 млрд теңгеге сатып алады

/image/2024/07/10/crop-7_4_161x286_images-1.jpg

«Мамыр айында Президент Qazaq Air-дің вьетнамдық компанияға сатылатынын хабарлады. Ол мәміле қашан аяқталады, комапонияның қарызы бар екенін ескерсек, құны қанша болады?» - деген журналистің сұрағына министр Қарабаев:

«Келісімшарттың бір сатысына қол қойылды. Қыркүйектің аяғына дейін мәмілені аяқтаймыз деп отырмыз. Келісімшартта Qazaq Air-дің бүкіл қарызын өтеу міндеттелген. Төлемнің кезеңі әлі анықталған жоқ. Екіншіден, сатып алушы компанияның Қазақстан ішінде және сыртына тасымал жасайтын 20-дан кем емес әуе көлігін тіркеу міндеттемесі қарастырылған.

Жалпы инвестордың өзі 20 емес 50-ге дейін әуе көлігін тартамын деп отыр. Яғни, нарықта тағы бір айтарлықтай күшті ойыншы пайда болады деген сөз. Мысалы, SCAT компаниясында 50-ге жуық борт, Air Astana-да 54 борт бар. Сонда нарықта солармен шамалас үшінші ойыншы болады. Бұл бәсекеге, билеттердің бағасына оң әсер ететіні сөзсіз», - деді ол.

Сондай-ақ ведомство басшысы келіссөзді «Самұрық-Қазына» қоры жүргізіп жатқанын еске салды.

«Келісімшарттың құны бар. Меніңше, 2 млрд теңге шамасында болады-ау деймін. Жалған ақпарат болмау үшін қосымша тексереміз, хабарлаймыз», деді Марат Қарабаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар