Түркі елдері ортақ Кеден Одағын құруға қадам жасады

/image/2024/07/10/crop-4_2_163x289_bez-nazvaniya.jpg

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркі дәуірінің" күш алып, қуаттана түскенін айтты.

"Ұйымның халықаралық мәртебесін арттыруға күш саламыз! Бұл ретте "TURKTIME!" ұраны аясында ықпалдастықты кеңейтуді жалғастырамыз. Бұған дейін 40-қа жуық іс-шара өткіздік. Елдеріміз арасындағы байланыстың жаңа тетіктері пайда болды. Бұл – әлеуметтік саясат, құқық қорғау, білім, технология, инновация және өнеркәсіп сияқты салалар. Сондай-ақ Астанада, қыркүйек айында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл – түркі мәдениетін кеңінен дәріптейтін маңызды іс-шара", – деген Қазақстан Президенті барлық түбі бір түркі елдерінің көшбасшыларын алдағы қыркүйекте Астанада кездесуге шақырды.

Айта кету керек, қазіргі кезде Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) төрағасы – Қазақстан. "TURKTIME!" деген ұранды да осы төрағалық аясында, былтыр Қазақстан ұсынған болатын.

2023 жылғы 3 қарашада, елордада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы – Қазақстанда түркі дәуірінің өрлеуі кезеңін жариялады. Тиісінше, ол Қазақстанның ұйымға төрағалығы "Түркі дәуірі!", яғни "TURKTIME!" ұранымен өтетінін мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар