Атырау облысында мұнай компаниясына 13 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

/image/2024/08/05/crop-8_1_373x663_66b06448ce1f0.jpg

Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, табиғатты қорғау саласының басым бағыты – қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалау жүргізу. «Мәселен, «Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану кезінде 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.

Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды», – деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндірілді. Айыппұл қаржысы толығымен Ұлттық қорға аударылды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауаны ластайтын қалдықтардың басым бөлігі 4 компанияның үлесіне тиесілі екенін жазған едік. Сондай-ақ, Атырау облысында жер қойнауын пайдаланушыға 12,2 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар