Ферроқорытпа зауытындағы апат: Жұмысшылардың өліміне жұмыс беруші кінәлі екені анықталды

/image/2024/08/23/crop-146_24_986x1753_1639391414.jpg

Биыл 20 шілдеде Қарағандыдағы "YDD Corporation" ЖШС ферроқорытпа зауытында болған апатты тергеу үшін құрылған арнайы комиссия кінә жұмыс берушіден екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

"Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды" – делінген ресми мәлімдемеде. 

Тергеу нәтижелері және жиналған барлық материалдар жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Еске сала кетсек, 20 шілдеде Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында апат болып, салдарынан 8 жұмысшы күйіп қалған болатын. Зардап шеккен жұмысшылардың төртеуі қаза тапқан еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар