1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды. Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған.
Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.
Тарихи мұра Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен "Архив-2025" кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, ғалым Өмірбек Қанай анықтады.
Қазір аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Пікір қалдыру