Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2009-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.
2006-2018 жж. – "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
2018-2020 жж. "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.
2020-2021 жж. – "Qazaq kuresi" қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.
2023 жылдан бастап Спорт комитетінің төрағасы болған.
Пікір қалдыру