Қазақстанда әкімдерді сайлаудың жаңа жүйесі іске қосылмақ

/image/2024/09/02/crop-25_6_654x1163_fvth0cvvmbnms2k1cxecgjcggbrnixujlm91n08m.jpg_width=1200xheight=autoxtype=1.jpg

“Мәселен, 2021 жылдан бастап 2,5 мыңға жуық ауыл әкімі сайланды. Бұл – ауылдық елді мекен басшыларының жалпы санының 90%-ы. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды”, – дейді президент.

Тоқаев былтыр күзде Қазақстанда алғаш рет аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өткенін еске салды. Нәтижесінде елімізде жаңа сайлау жүйесі іске асады.

“Барлық өңірде жаңа ереже бойынша 45 әкім сайланды. Сайлау қорытындысы жан-жақты зерделеніп, сайланған әкімдердің жұмысына талдау жасалғаннан кейін келесі жылдан бастап жаңа жүйеге түпкілікті көшу туралы түбегейлі шешім қабылданды. Алдағы уақытта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері қазіргі әкімдердің өкілеттіктері (яғни, ротация кезеңдері) аяқталуына байланысты өтетін тікелей сайлау арқылы ғана сайланады. Бұл – саяси жүйені өзгертудегі тағы бір маңызды қадам”, – деді Тоқаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар