Еліміздегі барлық мектептердің асханасы тексеріледі

/image/2024/09/09/crop-2_72_287x510_img_8624.jpeg

 

Балалардың мектепте жаппай улануы көбейгеніне байланысты еліміздегі барлық мектептердің асханалары тексеріледі. Бұл туралы Үкімет мәлімдеді.

"Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептің асханасында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған" – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Маңғыстау обгысының Бесшоқы ауылының №8 мектебінің 300 оқушысы асханада берілген тамақтан жаппай уланып қалған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар