ШҚО прокуратурасы төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарынан жемқорлық деректері анықталғанын хабарлады.
Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісім-шарт анықталған.
Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарттар жасасуға негіз болмағаны анықталды. Атап айтқанда, ЖАО қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды. Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі " делінген прокуратура хабарламасында.
Қамшы порталы сәуір айында Әкімдіктер төтенше жағдайды пайдаланып тәжірибесіз компанияларға млн-дап тендер беріп жатқанын хабарлаған.
Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімдігі мен Семей қаласының әкімдігі тендерді алдын ала ашық конкурс жариялап өткізбей, жылда су таситын шақта, ақпан, наурыз айларына қарай "өздеріне ыңғайлы" компаниямен тікелей бір көзден келісімшарт жасайтыны айтылған.
Пікір қалдыру