Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылынан 500-ге жуық адам қаза болды

/image/2024/09/25/crop-101_31_1018x1809_2024_09_24_1068371317_0_160_3072_1888_1920x0_80_0_0_c3a300d8b7e54454fceab8ebda45

Марқұмдардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Жүздеген отбасы баспанасын тастап қашып жатыр. Босқындарға арналған уақытша паналау орындары ашылған. Ал Израиль билігі тек "Хезболланың" қару-жарақ сақтайтын қоймаларын атқылап жатқандарын айтады. Олар бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырған.

"Хезболла" жасағы да қарап қалмай, қарсы тарапқа соққы жасаған. Тараптар арасындағы қақтығыстың ушығуы әлем елдерін алаңдатып отыр. Тіпті, Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері "Ливан тағы бір Газаға айналуы мүмкін" екенін айтқан.
Еске салсақ, өткен аптада Ливанда пейджерлер жарылып, 37 адам мерт болған еді. Осы оқиғадан кейін Израиль мен "Хезболла" бір-біріне қарсы шабуылды үдеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар