Жедел жәрдем қызметінің уақыты қысқарады – Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

/image/2024/09/25/crop-42_18_1033x1836_191919.jpeg

Енді науқастың созылмалы ауруы қозып, денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төнбесе түннің ортасында жедел жәрдем шақыра алмайды.

Ашық НҚА порталына «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жаңа жобасы жарық көрді. Құжат 8 қазанға дейін талқыланады.

«Шұғылдықтың 4-санатына шақыртулар келіп түскен кезде ЖМК стансасының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) береді.

МСАК ұйымына қайта жіберілуге жататын шақыруларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Жеделдіктің 4-санатын шақыру дегеніміз – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі», – делінген құжат жобасында.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық жобасына қатысты түсініктеме берді.

"Министрлік азаматтардың жедел жәрдемнің келуінің кешігуі туралы көптеген өтініштеріне жауап ретінде талдау жүргізіп, жағдайды жақсарту үшін шешімдер ұсынады. Талдау нәтижелері шақыртулардың 50 пайыздан астамы шұғылдықтың төртінші санатына жататынын көрсетті, бұл емханаларды қоса алғанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының (МСАК) бақылауындағы созылмалы аурулары бар пациенттерге қызмет көрсетуді білдіреді. Осыған байланысты министрлік Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету стандартына және Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Өзгерістер кейбір БАҚ дұрыс жеткізбегендей, үйде қызмет көрсетуді тоқтатуды білдірмейді, керісінше медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған.

Дәрігерді үйге шақыртуларды тіркеуге және үйдегі стационарларды ұйымдастыруға қатысты тармақтар құжаттың құрылымын жақсарту үшін жобаның басқа бөліміне ауыстырылды, бірақ олар күшінде қалады. МСАК-тың медицина қызметкерлері алдыңғы стандарттың шеңберінде үйде көмек көрсетуді жалғастырады.

Денсаулық сақтау министрлігі қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру үшін медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады", – делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар