Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

/image/2024/10/17/crop-50_12_613x1089_almatyda-tag-y-da-zher-silkinisi-sezildi_1709696012.jpg

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 қазан күні Астана уақытымен сағат 03:23-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан. Қарқындылығы (балмен) Алматыда 2 балл болды», - делінген жедел хабарламада.

Осыған дейін Алматыда Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі сынақтан өткізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Осыған байланысты алматылықтар мен қала қонақтарына құрылғыларын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңартылмаса, оны «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» деп өзі жаңарту керек.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар