Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат жұмсалып кеткенін көрсетті.
Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.
Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдыру