Бас прокуратураның мәліметінше, "Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.
"Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабының 2 және 4-бөліктерімен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетейік, "Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 миллион теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Пікір қалдыру