2024 жылы еліміз қанша тонна мұнай өндіргеніне болжам жасалды

/image/2024/11/25/1695803663.jpeg

- 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Биылғы мұнай өндіру болжамы 88,4 млн тоннаны құрайды, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, жоспармен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр.

- Сондай-ақ өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытынан газ алуға шектеулер әсер етті. Өндіріс деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуы да әсер етіп отыр, - деді ведомство басшысы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар