«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ Е.Төлеутаевтың жазбасына қатысты келесі түсініктеме береді.

/uploads/thumbnail/20250227163319729_big.webp
«Әбіл» фильмінің режиссері мен актерінің Еуропадағы кинофестивальге іссапарға баруы туралы көтерілген мәселеге қатысты, «Қазақфильм» киностудиясы біздің фильмдеріміздің жүлделеріне әрқашан қуанатынына, киножобалардың авторларын құттықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетініне назар аударғымыз келеді.Киножобалардың авторларын құттықтау бойынша жүйелі жұмыс бар – бұл әлеуметтік желілерде міндетті құттықтаулар.Және киностудия ұжымы міндетті түрде бірнеше фестивальдердің қорытындысы бойынша фильмді айдың соңында құттықтайды.
«Әбіл» фильмінің авторларының сапарын қаржыландыру мәселесіне келсек, фильмдерді ілгерілетуге бөлінген қаржының аздығынан «Қазақфильм» киностудиясы фильмдерді ілгерілету мақсатында жекеменшік кинокомпаниялармен ынтымақтастық тәжірибесін қолданып жатқанын нақтылаймыз.
Бұл фильм бойынша серіктесіміз «Танарис» ЖШС кинокомпаниясы фильмнің коммерциялық сатылымынан пайда табудың мақсатында фильмді халықаралық кинонарықтар мен кинофестивальдерде ілгерілету бойынша қаржылық міндеттемелерді мойнына алған.
Осыған орай, киностудия келісім шарттарына сәйкес шығармашылық топтың сапарын қаржыландыру үшін «Танарис» ЖШС кинокомпаниясына хабарласқан, алайда бүгінгі күнге дейін «Танарис» ЖШС кинокомпаниясынан жауап келген жоқ.
Осыған қарамастан «Қазақфильм» де өз мүмкіндігіне қарай бұл фильмді белсенді түрде қолдап, қажетті көмек көрсетуде.
Киностудия басшылығымен кездесу туралы сұраққа келсек, Киностудияның сындарлы диалогқа әрқашан ашық екенін және біз «Әбіл» жобасының авторларымен бірнеше рет кездесулер өткізгенімізді, Киностудия мүмкіндіктері аясында киногерлерге әрқашан қолдау көрсететінін хабарлаймыз.
Жерді сату немесе «Қазақфильмді» қасақана қирату туралы бөлімінде бұл болжамдардың барлығы бұрмаланған және әдейі жалған ақпарат болып табылады. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер студияның даму мүдделеріне қайшы келеді және қазіргі басқару саясаты аясында жоспарланбаған.
2025 жылдың 25 ақпанында «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ ғимаратының алдында (Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 176) өткен рұқсат етілмеген митингіге қатысты айтатынымыз: митингке жиналғандар Қазақстандағы анимация саласын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарға наразылықтарын білдірді. Анимация саласының даму болашағын түсіндіру мақсатында жиынға жиналғандарға Киностудия басшылығы түсініктемелер беріп, келіссөздер қорытындысы бойынша анимация саласының өкілдерімен кеңейтілген жиын өткізу туралы шешім қабылданды.
Жалпы, «Қазақанимация» ШБ-нің Астана қаласына көшіру мәселесі қаралуда және кәсіби қоғамдастықпен міндетті түрде талқыланады.Бұл негізінен қазір қарастырылып жатқан мәселелер. Киностудия бұған дейін анимация саласының өкілдері үшін алғашқы алдын ала тыңдауларды өткізген болатын, келесі тыңдау таяу уақытта өтеді деп күтілуде.
Жоспарланған көшіру сұрағы туралы анимациялық қоғамдастықта ақпараттың жоқтығы мәселесіне қатысты айтатынымыз: ағымдағы жылдың қаңтар айының басында «Қазақанимация»ШБ-нің бұрынғы басшысы Айбике Рахымжановамен кездесу өткізілгеніне, онда анимацияны одан әрі дербес өнеркәсіп ретінде дамыту үшін «Қазақанимация»ШБ-ін Астана қаласына көшірумәселесі талқыланғанына назар аударғымыз келеді.
Біз баршаны қазақ киносы тарихындағы жаңа бетті бастайтын сындарлы диалогқа шақырамыз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар