«Қазақфильм» отбасылық демалыс орталығына айналады — Аида Балаева

/uploads/thumbnail/20250423142027608_big.webp

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары жайында айтып берді.

 — Президент қол қойған заңда «Қазақфильм» енді киноиндустрияны дамытуға бағытталған қаражаттың 30%-ын тікелей қаржыландыру түрінде алуға құқылы деген норма қарастырылған. Бұл студия үшін қаржылай тәуелсіз болып, өз киножобаларын жоспарлап, жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік береді, — деді Мәдениет министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта «Қазақфильмді» отбасылық демалыс орталығына айналдыруға көмектесетін инвестор іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

— Сол жерде жеке кинотеатр, жабық жазғы кинотеатр салсақ, «Қазақфильм» музейін құрсақ, арнайы тақырыптық дүкендер мен басқа да нысандарды ашсақ дейміз, — деді А. Балаева.

Сонымен бірге, министр «Қазақфильмнің» жерлері сатылмайтынын немесе үшінші тұлғаларға берілмейтінін атап өтті.

— «Қазақфильмнің» жерлері тек осы ұйымды дамыту үшін ғана пайдаланылатын болады, — деді Аида Балаева.

Бұған дейін Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірген еді.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар