Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» марафоны басталды

  Жеңістің 80 жылдығына арналған жарыстың ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы, «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы, ҚР Парламенті Сенат депутаты, «JORYQ» федерациясының президенті Дархан Қуандықұлы, «JORYQ» федерациясының президенті Бақытжан Жұмағалиұлы сөз сөйледі.

  Іс-шарада бабалар дәстүріне сай Қазақстанның Халық әртісі, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың және «Отан» орденінің иегері, кино, театр саласының қайраткері, ардақты ел ағасы Досхан Жолжақсынов шабандоздарға бата берді. 

  Марафон-бәйгеге 6 мемлекеттен 19 команда қатысып, бақ сынасады. Ал жеңімпаздарды қарсы алу рәсімі 14-мамыр күні өтеді. 

  Бағы мен бабы жарасып, мыңнан жүйрік атанған шабандоздарды Қонаев қаласы, Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта бірге анықтайық! 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар