"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 133 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Шу-Бурылбайтал" автомобиль жолының 92,2-268 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын мәлімдеді.
Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 175,8 шақырым, ІІ-санат, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта бір жолақ.
Балама тегін жол "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.
Бұл учаскеде жеңіл көліктер үшін төлем алынбайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Сондай-ақ төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.