Қазақстанда салық рақымшылығы бола ма? Үкімет басшысы жауап берді

/uploads/thumbnail/20250519110527179_big.webp

Жуырда «Ақ жол» фракциясы оффшорлық аймақтар мен шетелдік юрисдикциялардан капиталды қайтару мақсатында рақымшылық жариялауды ұсынды. Бұл ұсынысқа жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мұндай бастама елдің қаржылық тұрақтылығын арттыруға ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті, алайда мәселе жан-жақты әрі мұқият талдауды қажет ететінін айтты.

Оның айтуынша, мұндай рақымшылық кезінде ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі айналымы сияқты ауыр құқықбұзушылықтармен байланысты капиталдарды заңдастыруға жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар, халықаралық келісімдер мен активтер орналасқан елдердің заңнамалары да ескерілуі қажет.

Бұған дейін 2001–2014 жылдары Қазақстанда капиталды жария етудің үш кезеңі өткен болатын. Нәтижесінде бюджетке 6,7 трлн теңге түскен.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар