«Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға алданды: қомақты қаржысынан айырылды

/uploads/thumbnail/20250617114939074_big.webp

«Отбасы банк» директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Эльмира Ермекова телефон алаяқтарының арбауына түсіп, депозитіндегі ақшасын өз қолымен бейтаныс адамдарға беріп жіберген. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, Ермековаға өзін банк төрайымы Ләззат Ибрагимова деп таныстырған адам хабарлама жіберіп, артынша «арнайы қызмет» атынан ер адам бейнеқоңырау шалып, қауіп төніп тұрғанын айтып сендірген.

Алаяқтар мемлекеттік орган кеңсесіндегідей көрініс жасап (елтаңба мен президент портреті бар кеңсе фоны), Ермекованы алдап соққан. Олардың бірі өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырып, жалған куәлік те жолдаған.

Нәтижесінде, Ермекова бір банктегі депозиттегі ақшасын шешіп алып, белгіленген адамға – «Баракуда» код сөзін айтқан жігітке пакетпен табыстаған. Екінші банктегі депозитін де шешпек болғанда, банк қызметкерлері күдіктеніп, оны тоқтатқан.

Соңында Ермекова полицияға жүгініп, күдіктілер қолға түсті. 21 жастағы Ахмад Мұхидинұлы мен 31 жастағы Дастан Бекботаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда шетелден әрекет еткен негізгі ұйымдастырушылар табылған жоқ.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар