Тоқаевты балағаттаған атыраулық блогер қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20250617104704953_big.webp

Атырау қаласының блогері Instagram парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бағытталған бейәдеп сөздер айтылған видеоны жариялаған. Бейнероликте ол Президентті балағаттап, "ел халқы жертөледе өмір сүріп жатыр" деген мәлімдеме жасаған. Видео әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушыларының басым бөлігі блогердің әрекетін орынсыз әрі дөрекі деп бағалады.

Аталған факті бойынша 12 маусым күні сот блогерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі — "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, бейнежазба қоғамдық тәртіпті бұзып, айналадағыларға ашық түрде құрметсіздік білдіреді.

— Сот құқық бұзушыны кінәлі деп таныды. Сот отырысы барысында ол өз әрекетіне өкініш білдіріп, бұл жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Алайда құқық бұзушылықтың сипаты мен оның қоғамдық қауіптілік деңгейін ескере отырып, сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қатысты Мақалалар