Конституцияның 30 жылдығына орай Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады. Құжатқа сәйкес, қауіпсіздікке елеулі қауіп төндірмейтін қылмыстар үшін сотталған 15 100 адамға рақымшылық жасалады.
Олардың ішінде:
-
4 100 адам толық босатылады;
-
11 000 адамға жаза мерзімі қысқартылады.
Амнистияға жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасағандар, зиянды өтегендер, сондай-ақ әлеуметтік осал топ өкілдері ілігеді. Аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық қолданылмайды. Заң алты ай ішінде жүзеге асырылады.