Иранда туған қазақ қызы Қазақстанға алғаш келгенде, көптен күткен туған жердің жылуын, рухани жақындығын сезінемін деп үміттенген еді.
Алайда ол мұнда қазақ тілінің орнына көбіне орыс тілінде сөйлейтін адамдарды көріп, қатты таңғалғанын айтады. Қазақ даласына деген сағынышын арқалап келген қыз, көпшіліктің өз тілінде сөйлемейтінін көргенде көңілі құлазып, көзіне жас алды.
Ол өз ойын: «Қазақстанға барсам, өзімді үйімде жүргендей сезінемін деп ойладым. Бірақ көбісі мен түсінбейтін тілде сөйлейді. Өз жерімде өзімді бөтен сезіндім», – деп жеткізді.