Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі (Смаилова) күйеуі екеуі Черногорияда саяси босқын мәртебесін алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
“Дина мен Алмат саяси босқын мәртебесін алды. Енді олар халықаралық қорғауда. Халықаралық құқықтық мәртебе адамды қауіп төнген отанына экстрадициялаудан қорғайды”, - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың аяғында Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Динара Смаиловаға, яғни Дина Таңсәріге қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеліп жатқаны хабарланды. Ішкі істер министрлігі өкілдері оның ішінде екі іс алаяқтық бойынша екенін мәлім етті.
Кейін Дина Таңсәріге (Динара Смаилова) іздеу жарияланды. Ақпарат БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Айта кетейік, 2025 жылы 14 сәуірде “НеМолчиKZ” қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген.
Артынша Черногорияның Жоғарғы соты Смаилованы босату туралы шешім қабылдады.