Павлодарлық әйел екі баласын терезеден лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен

/uploads/thumbnail/20250730154810611_big.webp

Павлодарда әйел көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Қайғылы оқиғаға қатысты ақпарат “За нами выехали” телеграм арнасы хабарлады. Арнаның мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне оқиға туралы куәгерлердің бірі хабарлаған. 

"Жолдан өтіп бара жатқан адам Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып, өзі де секіріп кеткенін хабарлады. Жоғары санат бойынша оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы жіберілді", – деп мәлімдеді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі. 

Әйел де ауыр жарақат алып, қалалық №1 ауруханаға жатқызылды.  Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Шәкенованың айтуынша, зардап шеккен балалардың бірі – бір жарым жаста, екіншісі – бес жаста.

Қатысты Мақалалар