Амантай қажы 2 жылға сотталуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20250805122400219_big.webp

Алматыда 83 жастағы қоғам қайраткері Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Ақсақал екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шілдеде әлеуметтік желілерде 83 жастағы Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тарады. Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ҚК-нің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл бап бойынша мың АЕК-ке дейін (2025 жылы 3 932 теңге - 3 932 000 теңге) айыппұл не түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 600 сағатқа дейін тарту не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

"Жарақаттың ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижесінде шешім қабылданады", - деп жазылған хабарламада. 

 
Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар