Еліміздегі 2025 жылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Тізімді мына құжаттан қараңыз.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, грант конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық талапкер өтінім білдірген. Олардың басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс» пен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығын таңдапты. Іріктеудің қорытындысын министрлік пен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады. Ал жалпы жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.