Украина басылымдары Трамп – Путин кездесуі туралы Зеленский пікірін жариялады

/uploads/thumbnail/20250816150006946_big.webp

Белгілі украиналық журналист, кәсіпкер Дмитрий Гордон өзінің Телеграм арнасында украиналық ақпарат агенттігі РБК-Украина жариялаған жазбаны бөлісті. 

 

РБК-Украина Владимир Зеленскийдің айналасындағы дереккөздерден ел президентінің Аляскадағы Трамп – Путин келіссөздеріне қатысты ұстанымын жеткізіпті-мыс.

 

«Мазмұнды әңгіме болыпты. Біз Трамппен бірқатар мәселелерді және әрі қарай қалай әрекет ететінімізді дүйсенбі күні талқылаймыз деп келістік», - деген пікір білдірген Зеленский.

 

Оның айтуынша, Аляскадағы келіссөздер қарулы қақтығыстарды тоқтатуы мүмкін деген болжам болған, бірақ бұл идеяға РФ президенті қарсы болыпты.

 

Зеленскийдің ойынша, Путин қарулы қақтығысты тоқтатуды Украинаға қатысты барлық саяси талаптары қанағаттанған кезде ғана ойланғысы келеді. Бірақ Трамп әрі қарай жедел арада жетістікке жету туралы өзге де нұсқаларды ойланып көрмек.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар