Қазақша сөйлеген Польша елшісі Путиннің «үлкен қателігін» айтты

/uploads/thumbnail/20250816142815005_big.webp

Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда біршама уақыттан бері әлеуметтік желідегі парақшасына қазақ тілінде сөйлеген жазбалар жариялап жүр. Жұрт сүйсінген дипломаттың бүгінгі жазбасы, тіпті, ерекше. Ол РФ президенті Владимир Путиннің 15 тамызға мұндай маңызды дипломатиялық кездесу жоспарлағанына таң қалғанын және бұл датаға тарихи сәтсіздіктің сәйкес болуын айтты. 

 

Оқырманға түсінікті болу үшін елшінің сөзін және видеосына сілтемені қоса жүктейміз.

 

«Сәлеметсіздер ме!

 

Бүгін тамыздың 15-і. Құдай қаласа АҚШ президенті мен Владимир Путин арасында кездесу болатынын білеміз. Егер Владимир Путин өз тарихын жақсы білсе, ешқашан 15 тамызға осындай келіссөздерге қатыспас еді. неге? Себебі, 105 жыл бұрын 15 тамызда Буденный және Тухачевский әскерлері поляк әскерінен ойсырай жеңілген.

 

Қазан төңкерісінен кейін Ленин және Сталин коммунизм идеясын Еуропаға таратуды армандады. Ол үшін колонияға шабуыл жасау керек болды. Ол кезде Польшаның әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайы өте күрделі болды. Ал Тухачевский поляк әскерінен оңай өтем деп ойлады. Бірақ поляктар ерлікпен күресіп, жеңіске жетті. Қазір, тарихшылардың пікірінше, осы шайқасы дүние тарихындағы ең маңызды 100 шайқас қатарына кіреді.

 

Бұл – бүкіл Еуропаны коммунизмнен құтқарған шайқас. Сондықтан, біз бұл оқиғаны есімізде сақтаймыз және дәл осы күні Поляк әскери күштерінің мерекесін атап өтеміз», - деді ол.

 

Видеоға сілтеме

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар