Ресейдің премьер-министр Михаил Мишустин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа орыс тілі кітабын сыйлады. Михаил Мишустин оқулықты қырғыз мектептері үшін әкелгенін айтты.
ТАСС сайтының дерегінше, Мишустин Мәскеу мен Бішкек арасында жасалған келісімді нығайту үшін іс-сапармен барған. Кездесу барысында қырғыз президентіне орыс тілі оқулығын сыйлады.
"Біз екі ел арасындағы мәдени гуманитарлық байланысты дамытуға шын жүректен мүдделіміз. Сіз бен Владимир Путин арасындағы келісім бойынша Қырғызстанда екі елдің диплом стандартына тең болатын тоғыз орыс мектебін салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ сізге орыс тілі қолданысын дамытып жатқаныңыз үшін ерекше алғыс білдіремін. Осыған орай қырғыз балаларының орыс тілін үйренсін деп оқулықтар алып келдім", деді Михаил Мушустин.