Шерзат Полаттың отбасына қатысты тағы бір іс тоқтатылды

/uploads/thumbnail/20250815140735105_big.webp

Шерзат Полаттың отбасының үйін өртеу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы хабарлады.

«Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету жөніндегі процестік әрекеттерді орындалуына байланысты) тоқтатылды», - делінген Алматы облысы прокуратурасының ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Бұған дейін Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты іс те тоқтатылған болатын. Полиция ол өз-өзіне қол салған деген байламға келген.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар