ЖАП: ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік аудит қорытындысы

/uploads/thumbnail/20250819132901411_big.webp

Ғылымды дамыту – бүгінгі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты, Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы және көлемді қаражат бөлініп, реформа жасалып жатқан сала. 

 

Жоғары аудиторлық палата ғылымды дамыту ісіне мемлекеттік аудит жүргізіп, бірқатар құқықбұзушылық фактілерін анықтаған. Бүгінгі таңда ғылымды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі 219 миллиард теңгеге дейін жеткенімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажет қаражат көлемі әлі де жоғары болып отыр. Аудиторлар ғылыми жұмыстарды экономиканың нақты секторында пайдалану көрсеткішіне де назар аударыпты.

 

Ғылым қорының жобаларын коммерциялық нарыққа шығару жұмыстарында біршама кемшіліктер бар. Мысалы, 42 аяқталған жоба межелі сату жоспарын орындамаған, ал 8 жоба бойынша, тіпті, ешқандай өнім шығарылмапты.

 

Жетекші жоғары оқу орындарының жанындағы инженерлік орталықтар мен технопарктерді құру кезінде жоғары бағамен сатып алулар жүргізу және қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілері анықталып отыр.

 

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 1,7 миллиард теңгені құрайтын қаржыға байланысты тәртіпбұзушылық белгілі болды. Ал қаражатты тиімсіз жоспарлау 24,2 миллиард теңгені, тиімсіз пайдалану 42,5 миллиард теңгені құрайды.

 

Анықталған мәселелер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар