Reuters: Путин мен Зеленский Венгрияда кездесуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20250819134723731_big.webp

Кешегі Вашингтондағы Зеленский мен Трамптың кездесуі нәтижелі болып, Владимир Путинмен үш тараптық кездесу өтеді деп күтілуде.

Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында Ресей президентімен хабарласып, оның Зеленскиймен кездесу ұйымдастыруға дайындалып жатқанын айтқан. Ол Украина және Ресей президенті мен өзі қатысатын үш тараптық саммит өтетінін жазған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Путин еуропалық делегацияға осындай ұсыныс тастаған.

Алайда Кремль Зеленскиймен кездесуге қатысты ресми мәлімдеме жасамаса да, АҚШ әкімшілігінің аға өкілі Reuters агенттігіне Путин мен Зеленскийдің кездесуі Венгрияда болуы мүмкін екенін айтты.

Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, кездесу алдағы екі апта ішінде болуы мүмкін.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар