Ақорда жаңалықтары Aitu-да

/uploads/thumbnail/20250819140938435_big.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму мен жасанды интеллектіні дамыту жұмыстары жөніндегі жиында азаматтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық мессенджер - Aitu қосымшасына көшу ұсынысын білдірген еді. Кейін ұлттық мессенджерге мемлекеттік қызмет секторын толық көшіру мәселесі айтылғанын да байқадық. 

 

Бүгін ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ведомство бойынша ұлттық мессенджер көптен бері қолданыста екенін мәлімдеді. Ұлттық мессенджерге көшу бойынша жұртшылық ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялылық саясатына қатысты пікір білдірді. 

 

Ақорданың ресми Telegram-арнасында бүгін мынадай хабарлама жарияланды: 

"Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар".

Қатысты Мақалалар