«Шекарасыз тілшілер» Азаттық журналистерін аккредиттеуден бас тартқан Қазақстан билігін айыптады

/uploads/thumbnail/20250821112222514_big.webp

«Шекарасыз тілшілер» Азаттық тілшілерін аккредиттеуден бас тартқан Қазақстан билігінің шешімін айыптады, деп жазады Азаттық радиосы.

"RSF журналистердің жұмысын істеуге кедергі келтіретін мұндай саяси шешімді айыптайды және билікті олардың аккредитациясын дереу қалпына келтіруге шақырады" деп жазылған мәлімдемеде.

Бұған дейін, Астана соты аккредитацияға байланысты СІМ-ді сотқа берген Азаттықтың өтінішін орындамады

Шыққан шешім Азаттықтың 7 тілшісіне қатысты. Алдағы уақытта 9 тілшінің аккредитациясына байланысты сот өтпек. Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стивен Капус Астана сотының шешімі Қазақстан Конституциясына қайшы деп мәлімдеді.

«Осы туралы Азаттыққа шыққан жаңалықты бөлісе қояйын десем, сайтымыздың түрі анау — он сағат ойланып ашылады. Оны да троттлинг әдісімен бұғаттап жатқанына келер айда үш жыл болады», — дейді Азаттық журналисі.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар