IRONMAN триатлоны туралы шағын деректі фильм жарық көрді. Пайымдауымызша, фильмді шетелдік түсіріліп тобы әзірлеген. Ал оны Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәли Алиев өзінің YouTube арнасына жариялады.
Алиевтің айтуынша, жаңа спорттық іс-шараға дайындық оңай өтпеген. Бірақ әрбір дайындықтан соң ерекше қанағаттану сезімі болатынын жеткізеді. Сондай-ақ, триатлеттер қауымдастығындағы ерекшеліктер туралы да баяндалған.
Нұрәли Алиев фильмде өзінің баласы Ануарды да көрсетіп, спортқа баулып жүргенін, балалардың өскені мен олардың қызығушылықтарына көп уақыт арнауға тырысатынын айтады.
Әлеуметтік желіде жұртшылық Нұрәли Алиев пен оның жұбайы Аида Алиеваның медиа кеңістіктегі белсенділігіне қатысты түрлі пікірлер айтуда.