Руслан Желдібай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлаған Ақорда.
Сондай-ақ, Тоқаевтың Жарлығымен Қуанышбек Есекеев президенттің көмекшісі болып тағайындалды, ол да бұрынғы атқарған лауазымынан босады. Ал президенттің Протоколы қызметінің бастығы әрі президенттің кеңесшісі лауазымына Марат Әшім тағайындалды.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және Уорвик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.
- 2012-2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім меңгерушісі, продюсер;
- 2018-2019 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар комитетінің интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы;
- 2019-2020 жылдары – Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
- 2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды;
- 2022 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
- Ол 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қаңтарына дейін президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
-
2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылдың 17 ақпанына дейін – Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі.
2025 жылғы 17 ақпаннан бүгінге дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған.