Парламенттің (Сенат пен Мәжілісті) шығындары соңғы он жыл ішінде елдегі инфляцияны есептегенде 25 пайызға өскен. 2015 жылы бір депутат үшін 70 млн теңге жұмсалған. Ал 2024 жылға қарай бұл 195 млн теңгеге өскен. Бұл туралы Курсив порталы хабарлады.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында бірпалаталы Парламент құруды ұсынған еді. Мемлекет басшысының бұл ұсынысы жүзеге асырылатын болса шығын азаяды деп күтілуде. Егер Сенат (50 депутат) жойылып, Мәжіліс депутаттарының бүгінгі саны (98 депутат) сақталса, Парламент шығыны үштен бірге қысқаруы мүмкін.
2024 жылғы деректерге сүйенсек, бұл қос палатаны ұстауға кеткен 29 миллиард теңгенің шамамен 10 миллиардын үнемдеуге болады.