Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалана алмайды

/uploads/thumbnail/20250911105738993_big.webp

Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылады. 

«Отбасы банкінің» баспасөз қызметінің сәліметінше, 15 қыркүйекке дейін берілген өтініштер штаттық режимде қаралады. Ал одан кейін мұндай мүмкіндік алынып тасталады.

"Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді", – деп мәлімдеді "Отбасы банк".

Бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін қаражат толық көлемде жеке табыс салығынан босатылатыны белгілі болды. Яғни қазақстандықтар зейнетақы қаржысын, соның ішінде баспана алуға арналған бөлігін де, соманың 10%-ын ұстап қалусыз пайдалана алады.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар