Руслан Желдібай Ақордадағы кадрлық өзгерістерді түсіндірді

/uploads/thumbnail/20250929102047272_big.webp

Президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ақордадағы кадрлық ауыс-түйістерді түсіндірді.

Желдібайдың сөзінше, бұл – әдеттегі кадрлық ротация. Негізгі мақсат – мемлекеттік жүйедегі ең маңызды бағыттардың тиімділігін күшейту.

- Мемлекет басшысы жуырдағы жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі. Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді. Президенттің көмекшісі ретінде ол халықаралық инвестициялық және сауда ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі өкілдерімен, сондай-ақ әлемдік ірі компаниялардың жетекшілерімен байланысты дамытады, дейді Руслан Желдібай. 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар