Соңғы үш жылда мерзімді әскери қызметін өткерген шамамен 9 мың жас азамат жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай қабылданған. Ал өткен жылы әскерден оралған 3 мыңнан астам сарбаз өздері таңдаған университеттерде білім алуға мүмкіндік алды.
Мерзімді әскери қызмет азаматтардың Конституцияда бекітілген міндетін орындаумен ғана шектелмейді. Қызмет барысында жастар болашақ кәсіби бағытын айқындап, нақты мамандыққа қадам жасай алады. Әскерде жүрген бір жыл ішінде олар бірқатар пайдалы дағдыларды меңгеріп, соның ішінде жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне де ие болады.
Мұндай тетіктер әскери қызметтің әлеуметтік маңызын арттырып, жастардың білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жол ашып отыр.