212 млн теңгелік ұрлық: Қытай–Еуропа теміржолында қылмыстық топ сотталды

/uploads/thumbnail/20260126164440424_big.webp policia.kz

Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының алты тұрғыны Қытай–Еуропа бағытындағы халықаралық теміржол желісінде жасалған ұрлықтар үшін жауапқа тартылды. Сот оларды 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстар 2024 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың сәуір айына дейінгі кезеңде жасалған. Күдіктілер Қазақстан аумағында теміржол контейнерлерін заңсыз ашып, ішіндегі тауарларды ұрлаған. Ұрланған өнімдердің қатарында балалар арбалары, бейнебақылау камералары, автокөлік қосалқы бөлшектері және өзге де тауарлар болған.

Көліктегі полиция қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мүшесін 2025 жылдың сәуір айында ұстады. Тергеу барысында олардың кемінде төрт эпизодқа қатысы дәлелденді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 212 миллион теңгеден асқан.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс аясында жәбірленуші жүк иелеріне келтірілген залал толық көлемде өтелген.

Сот үкімі заңды күшіне енді

Қатысты Мақалалар