Франция 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақ

/uploads/thumbnail/20260127121314823_big.webp SM

Францияның Ұлттық ассамблеясы 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Енді заң Сенаттың қарауына жіберіледі.

Бұл бастаманы президент Эммануэль Макрон қолдап отыр. Оның айтуынша, заң балаларды шамадан тыс экран уақыты мен әлеуметтік желілердің кері әсерінен қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, құжатта лицейлерде ұялы телефон қолдануға тыйым салу да қарастырылған.

Заң күшіне енсе, Франция Австралиядан кейін мұндай қадамға барған екінші ел болмақ. Билік жаңа талаптарды 2026–2027 оқу жылынан бастап енгізуді жоспарлап отыр.

Билік өкілдері әлеуметтік желілердің жасөспірімдердің психикалық денсаулығына кері әсері, кибербуллинг пен зиянды контент қаупі артқанын атап өтті. Ал кейбір саясаткерлер бұл тыйымды «шамадан тыс бақылау» деп сынға алды.

Қатысты Мақалалар