Трамптың мәлімдемесінен кейін Hyundai акциялары құлдырады

/uploads/thumbnail/20260127122931781_big.webp SM

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореядан импортталатын автокөлік, фармацевтика және ағаш өнімдеріне баж салығын 15%-дан 25%-ға дейін көтеретінін мәлімдеген соң, Hyundai Motor акциялары күрт төмендеді. Сауда барысында қағаздар бағасы 4,7%-ға дейін құлдырап, кейін біршама қалпына келді.

Трамп бұл шешімін "Сеул парламенті АҚШ-пен жасалған сауда келісімін бекітуді кешіктірді" деп түсінддірді. Оның айтуынша, Корея тарапы келісім міндеттемелерін орындамай отыр.

Ақ үйдің мәлімдемесінен кейін Kia және Hyundai Mobis акциялары да арзандады. Оңтүстік Корея билігі АҚШ тарапынан тарифтің ресми түрде көтерілгені туралы хабарлама алмағанын айтып, жағдайды талқылау үшін шұғыл кеңес өткізетінін жеткізді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар