КҮЛЕМІЗ ДЕП ЖҮРЫП ЖЫЛАП ҚАЛМАЙЫҚ

/uploads/thumbnail/20170708201610166_small.jpg

Рух азғындап, сана сансырап, ми кеуек болып барады. Бұған ТВ тікелей әсер етуде. Қай арнаны қоссаң да ыржалақтаған клоундар, арзан әжуа, жеңіл күлкі, жараспайтын қалжың, ебедейсіз мимика, бос сөз, ессіз есерлік, қаптаған түсініксіз театрлар, студия ішіндегі студиялар, ток шоулар, ана жұлдыз сіңбірді, ана жұлдыз бүлдірді деген өсек аяң, гу-гу, ду-ду, зу-зу мен шу-чулар өңкей, қадірі қашқан КВН, жайдарман в общым қалаймақан. Тізе берсең шыға береді. Ал күнде осыларды еріксіз көріп тыңдап жүрген адам деградацияға ұшырайды. Осыны көріп отырып есік қағылса, ыржиып есік ашқан тоналады не бір бәлеге ұшырайды. Осыны көріп ыңылдап ля лә лә деп дүкенге бара жатқан адам оп оңай алаяқтар торына түседі. Осыны көріп дәніккен адам рухани нәрсеге қарағысы келмейді, даналық ойларға құлақ аспайды. Осыны көрген адам бойкүйездікке бой алдырады. Иммунитетін жоғалтады, алданғыш келеді, тіпті қылмыскер құрбанына айналуы да мүмкін. Осыны көрген адам жасқаншақ, жасық келеді. Ыржиып ырбиып жүріп қалайша мемлекеттік машинаның ықпалына төтеп беруге болады? Шенеуніктерге керегі де осы. Ыңылдап ішінен өлең айтып, бейқам, мақсатсыз, ха ха хи хилап жүрген адамның эпифизі цемент болып, миы уақытша істемей тұрады. Тек инстинкті ғана қосулы әйтеуір ары бері жүреді, сөйлейді. Ал осындай масса көбейсе шенеуніктерге тіпті де тиімді. Телеарналарға бәрібір. Өзімізден бастау керек. Екі аптада бір рет гедонистик бағдарламаны көрсек те жетіп жатыр. Ыржиып жүріп өлшеп берілген уақыт деген жақұтымызды тауысып алмайық. Көп күліп жүріп, жылап қалмайық ағайын.

 

Ерболат Қошқарбаевтың фейсбуктағы парақшасынан

 

Қатысты Мақалалар