Қай Университетте сабақ Әнұранмен басталады?

/uploads/thumbnail/20170708201611463_small.jpg

Әдеттегіден ертерек барып, аудиторияда отырғанмын ғой. Студенттер бірінен кейін бірі кіріп жатты. Бас-аяғы жиналды-ау деген сәтте бәрінің өре түрегелмесі бар ма? "Бүгін студенттерім тым тәртіпті екен, тұрып амандасып жатыр" деп ойлап қоям іштей))) Сөйтсеееем, бұл университетте таңғы 8-де әнұран айтылады екен ғой smile emoticon «КазГУ-де» ондай дәстүр жоқ сияқты. Әлде қателестім бе? Орнымнан ақырын көтеріліп, студенттеріме ұрлана қарап қоямын. Барлығы тіп-тік тұр, қолдары жүрек тұсында. Ең аяғы ашық тұрған есіктен де бір студенттің тоқтай қалып, қолын жанталаса кеудесіне апарып, айтылып жатқан әнұранға құрмет көрсетіп жатқанын байқап қалдым. Әдемі сәт «smile emoticon». Ұнап қалды. Барлық университеттерге енгізетін дәстүр екен.

Тағы бір ұнайтыны, Еуразия Ұлттық Университетінде қоңырау да әдемі соғылады. Алғашында Нұрғиса Тілендиевтің "Аққуы" ойнап қоя бергенде сағатты білдіріп тұр деп ойлайтынмын. Сөйтсем, студенттерге сабақтың басталғанын, біткенін білдіріп тұратын қоңырау сылдыры Нұрекеңнің "Аққу" күйі екен. Күчті smile emoticon Тағы қай университеттерде таңертең әнұран айтылады? Және қоңырау соғыла ма?

Марфуға Шапиянның Фейсбук парақшасынан

 

Қатысты Мақалалар